$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Тарифті көтерген компания жауапқа тартылады

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2247
Тарифті көтерген компания жауапқа тартылады

Қаржы министрлігі «Транспорттық сервис орталығы» акционерлік қоғамын сотқа берді. Министрліктің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті кезектен тыс тексеру жүргізіп, әкімшілік заңбұзушылық фактілерін анықтаған.

Компания темір жол тасымалындағы тарифті негізсіз көтеру арқылы еліміздің бірқатар кәсіпорындарын тығырыққа тіреген. Монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне 50-ге жуық кәсіпкерден шағым түскен көрінеді. Жұмыс тобының кезектен тыс тексерісі кезінде «Транспорттық сервис орталығы» қызмет құнын тұйық жолдың ұзындығы бойынша есептеп, еселеп заңсыз пайда көргендігі анықталған. Сонымен қатар компания министрлік бекіткен келісімшарт үлгісіне өзгерту енгізіп, әкімшілік заңбұзушылық жасаған. Еске сала кетейік, тұйық жолдар түйткілі Тобыл өңірінде өткен алқалы жиында талқыға түсіп, ұлттық палата төрағасы мәселені жуық арада шешеміз деп сендірген еді.

Ерлан Әлжан, ҚР Қаржы министрілігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы:

Тексеріс нәтижесі бойынша әкімшілік заңбұзушылық жасаған «Транспорттық сервис орталығы» АҚ қатысты екі хаттама толтырылды. Материал Астана қаласының әкімшілік сотына жолданды.