Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда балық кооперативіне қатысты 8 бірдей қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2932
Атырауда балық кооперативіне қатысты 8 бірдей қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысындағы ірі балық кооперативі браконьерлікке жол берді деген күдікке ілінді. Құрманғазы ауданына қарасты «Ақсу-Қиғаш» өндірістік кооперативінің үстінен 8 бірдей қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық ІІД өкілдері айтты.

Полицейлер алдымен Қиғаш өзенінің төменгі саласында балық қабылдап жатқан кемені ұстаған. Кемеден алты тонна қара балық тәркіленіпті. Кейін аталғандай, кооперативтің қабылдау пункітінен тағы 23 тонналық кеме мен мұздатқышқа сақталған 9 жарым тонна балықты тапқан. Балық аулау маусымы басталмай жатып, су маржандарын заңсыз аулағандары дәлелденсе, аталған шаруашылық заң алдында жауап беретін болады. Серіктестіктің құрылтайшысы - Ресей азаматы. Оның орынбасары - Құрманғазы ауданының тұрғыны. Бұдан бөлек 5 балықшы мен тағы бір балық қабылдаушы тергеуге алынған.

Айта кетейік, аймақта 1 сәуірден бастап «Бекіре-2017» шарасы басталды. Алғашқы үш күнде полицейлер 10 қылмыстық іс қозғаған.

Серік Жанұзақов, Атырау облыстық ІІД балық қорын қылмыстық әрекеттерден қорғау бөлімінің бастығы:

Жалпы салмағы 30 тонна 500 келі болатын қара балық тәркіленді. Бұл факт бойынша, біріншіден, тергеу барысымен анықталып, қазіргі таңда 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұның бесеуі браконьерлік факт бойынша, заңсыз балық өнімдерін аулау және үшеуі көп мөлшерде қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу фактілері. Бұл ҚР  ҚК 196 бабы 3 бөлімімен іс қозғалған болатын. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.