$478.93 €534.96 ₽5.16
×

ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ АУДАРЫСПАҚТАН ҮШІНШІ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

AstanaTV
09.09.2024ж. 17:03
159
ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ АУДАРЫСПАҚТАН ҮШІНШІ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Аударыспақтан 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі. Бүгін аударыспақтан Ермек Құралбай мен Алмат Ләтіпбек те алтын медаль алды.