$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда нұротандықтар «Әскердегі бір күн» шарасын ұйымдастырды

AstanaTV
05.04.2017ж. 20:00
2898
Оралда нұротандықтар «Әскердегі бір күн» шарасын ұйымдастырды

Оралдық мектеп оқушылары нұротандықтардың бастамасымен әскери өмірдің қыр-сырымен танысты. Қаладағы әскери-техникалық мектепті аралаған олар соғыс техникалары мен қару-жарақтарды көрді. Тіпті арнайы жасақталған тирде нысана көздеп, мергендік сынасты. Әскерилер жастарға атыс қаруларының қалай қолданылатынын, улы газдан қорғайтын арнайы киімін кию әдісін үйретті. Бұдан кейін оқушылар Отан үшін отқа түсуге дайын, кез-келген уақытта жауға төтеп беру үшін әрдайым сақадай - сақ тұратын әскерилерше адымдап, сап құрды. Патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілетін бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді нұротандықтар. Арнайы әскери техника мен әскери казарманы өз көзімен көрген оқушылар азаматтық борышын өтеуге дайын екендігін жігерлене жеткізді.

Ерлік Шамғалиев, «Жас Отан» жастар қанаты БҚОФ менеджері:

Қала жастарының, аудан жастарының, облыс жастарының басын қосып, таңғы жаттығудан бастап, сол жақтағы әскери ұрыстарды, сонымен қатар, әскери-техникалық жаттығулардың бәрін сол жақтан жасайтын болады. Бұл тек қана мектеп оқушыларымен басталды. Алдағы шараларымыз әлі өз жалғасын табады.

Руслан Тілеуғалиев, мектеп оқушысы:

Әскери-техникалық мектепте біз болашаққа керекті әскери өмірге байланысты, мылтық ату, миналарды қалай қазу керектігін, қауіп төнгенде қалай қорғану керек екендігін, бәрін көрсетті. Қалай мылтық ату керектігін көрсетті. Болашақта бұл керек деп ойлаймын. Әрбір ер баланың парызы, Отан алдындағы борышы деп ойлаймын.