Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін болған "Алматы жастары" бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады. Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, осы жылы www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.
Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.
Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:
Денсаулық сақтау – 1662
Білім беру – 2434
Мәдениет – 430
Спорт – 129
ЖОО мен ҒЗИ – 717
Журналистер – 123
Әлеуметтік сала – 352
Құқық қорғау органдары – 538
Коммуналдық қызметтер – 433
Жұмыс істейтін жастар – 254
Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды.
Мақұлданған өтінімдер келесідей:
Денсаулық сақтау – 456
Білім беру – 662
Мәдениет – 165
Спорт – 42
ЖОО мен ҒЗИ – 196
Журналистер – 57
Әлеуметтік сала – 40
Құқық қорғау органдары – 170
Коммуналдық қызметтер – 105
Жұмыс істейтін жастар – 31
Айта кетейік, өтінім беруші "Отбасы банк" АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішіндеалғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.
"Алматы жастары" бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпараттар www.almaty-zhastary2024.kz сайтында қолжетімді болады.