Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Банктер берілген несиенің мақсатты жұмсалуын қадағаламайды - Сенатор

AstanaTV
06.04.2017ж. 20:00
2049
Банктер берілген несиенің мақсатты жұмсалуын қадағаламайды - Сенатор

Қазақстанда тұтынушылық несие ұсынған банктердің ешқайсысы ол қаржының мақсатты жұмсалуын қадағаламайды. Бұл туралы сенатор Дулат Құсдәулетов мәлімдеді  Жоғары палатада коллекторлық қызмет туралы заң жобасы талқыланған. Оның барысында депутат банк қызметкерлерінің клиенттің құпия құжаттарын оның рұқсатынсыз үшінші жаққа таратпау туралы да бастама көтерді. Себебі ол «азаматтардың жеке деректерін сақтау мен қорғау туралы» заңды аяқ асты етеді дейді.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мысалға, адам үйді жөндеуге деп несие алды делік, кейін оны басқа мақсатқа жұмсап жібереді. Салдарынан банк қаржысын қайтара алмайды, үй де жөнделмей қалады. Сондықтан Ұлттық банк заң жобасын жасақтауда тұтынушы несиені қайтара ала ма деген сұрақты басты назарға алғаны жөн болар еді. Бұл халықаралық банк жүйесінде қалыптасқан дәстүр.