Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аукцион арқылы жер сатудан бюджетке 178 миллион теңге түсті

AstanaTV
06.04.2017ж. 20:00
2170
Аукцион арқылы жер сатудан бюджетке 178 миллион теңге түсті

Ақтөбеде әлеуметтік нысандар құрылысына арналған жер учаскелері аукцион арқылы сатылып жатыр. Осының арқасында облыс бюджетіне 178 миллион теңге түскен.  Бұл туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшылығы хабарлады.

Бәссаудада 22 жер учаскесі ағылшын әдісімен сатылған. Басым бөлігі балабақша, логистикалық орталық,  көпқабатты тұрғын үй және басқа да маңызды нысандар құрылысына арналған. Жалпы аумағы 14 гектарды құрайды. Жер телімдеріне 50 кәсіпкер қызығушылық танытып, бақтарын сынады. Аукцион қорытындысы бойынша, саудаға шығарылған  аумақтардың барлығы сатылып кетті.

Сауда-саттық енді екі аптадан соң өткізілмек. Қатысуға ниеттілер өтінішті қазірден бастап беруіне болады. Олар алдымен 113 мың теңге көлемінде алғашқы жарнаны төлеуі тиіс.

Ұшқын Мыңбаев, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Оған ұсынылатын жер учаскелері өндірістік база, мупи форматындағы рекламалар орналастыру Әбілхайыр хан бойына 2 лотпен учаске шығарып отырмыз. Одан басқа павильондар, шағын сауда орындары.