Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына үлес қосты. 80-ге жуық адам ауданға кіретін қақпа жанындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Әктеп, сырлап, шөптерден тазалады. Айналасын абаттандырып, көркейтіп, көгалдандырды. Шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында ауданда тұрақты түрде өткізілуде. Мақсат- тазалық мәдениетін қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар.
ҚАНШАГҮЛ МҰСТАПАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Осы саябақ аманаттықтардың ертеректе бастамасымен қолға алынған болатын. Бүгінде сол әр бейсенбі сайын саябаққа күтім жұмыстарын жасаудамыз. Тазалық әрбір адамзат үшін маңызды. Бұл бір күндік шара емес. Әркез тазалық жұмыстары қолға алынып, жүргізілуі керек.
АСХАТ АХМЕТЖӘМИЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі биылғы Жолдауында 2 қыркүйектегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміз бойынша жақсы нәтиже бергінен атап өтті. Және де осы акцияны әрі қарай жалғастыруды, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ұсынған болатын. Бүгінде акция Жалағаш ауданы бойынша ауқымды түрде өткізіліп келеді.