Қостанай облысының «112» пультіне Тобыл қаласындағы ағаш кесу цехының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде үгінділер мен бөренелердің ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды.
ТЖМ қызметкерлері дереу өрт сөндіруге кірісті. Өрт 150 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.