$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Ұшқыр бәйгеде Қазақстанның үш тұлпары жүлделі орындарды бөлісті

AstanaTV
13.09.2024ж. 11:10
337
Ұшқыр бәйгеде Қазақстанның үш тұлпары жүлделі орындарды бөлісті

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталды.

1600 метрлік тызетпеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті.

Екінші орынды Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үздік үштікті «Струна» түйіндеді.


1-орын: Шағала, шабандоз — Рамазан Табылдиев, бапкері — Нұржігіт Табылдиев, ат иесі — Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, шабандоз — Мырзабек Қаппышев, бапкері — Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі — Мерхат Бұлғынов (Қазақстан);

3-орын: Струна, шабандоз — Расул Алпысбай, бапкері — Есбол Нұрасылов, ат иесі — Асылан Жиембет (Қазақстан)