$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазына қаражаты 5 мың фунт стерлингпен толықты

AstanaTV
07.04.2017ж. 20:00
2136
Қазына қаражаты 5 мың фунт стерлингпен толықты

Қазына қаражаты 5 мың фунт стерлингпен толықты. Сотта ұтылған шетелдік компания тиісті айыппұл төлейтін болды. "Руби роз Агрикол" компаниясы 4 жыл бұрын елдегі бизнес үрдістермен келіспей, Қазақстанға қарсы Лондон сотына арыз түсірген. Өтем ретінде 214 млн доллар талап етіпті. Алайда, сот үкімі Қазақстанның пайдасына шешілді. Ел мүддесін Әділет министрлігі қорғаған болатын. Қазіргі уақытта шетелдік соттарда осындай 15 іс қаралып жатар. 2003 жылдан бері 17 млрд теңге Қазақстанның пайдасына шешілген. Министрліктің мәліметінше, шет елде жүретін сот процесстеріне жұмсалған ақша 1 долларға 70 доллар есебімен қайтарып жатыр.

Олжас Рамазанов, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

5 сәуірде бұл ақша Curtis заңгерлік компаниясының шотына аударылады. Бекітілген рәсімдерге сәйкес ақша республикалық бюджетке түседі. Осылайша Әділет министрлігі шетелде мемлекеттің мүддесін сәтті қорғап шықты.