Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағанды облысында суға кеткен ағайындылардың денесі табылды

AstanaTV
07.04.2017ж. 20:00
1989
Қарағанды облысында суға кеткен ағайындылардың денесі табылды

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының Қопа өзеніне ағып кеткен ағайындылардың денесі табылды. Олар суға батқан жерлерінен екі - екі жарым қашықтықта табылған. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдай басқармасының мамандары хабарлады. Сүңгуірлер ағалы-інілі екі жігітті 5 күн бойы іздеді. Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру жұмыстарына өзеннің толық ерімеуі кедергі келтірген. Марқұмдар батып кеткен 1 шақырым жер ғана еріп, ары қарай мұздың үстімен сел жүріп кеткен.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:

«Мұзды жарамыз ба деген ой болды. Одан мәйітке зақым түспесін деп, жағада жерге жарылғыш жарып, сол сілкіністен мұз ойылғаны арқасында, мұз астынан олар табылып, жұмыстар нәтижесі осылай болып тұр».

Еске салсақ, Қарқаралы ауданының Жарлы ауылының екі тұрғыны атпен малдарын іздеп шығып, қайтарда ағысы күшті өзенге батып кеткен болатын. Тағы 3 адам Бесоба ауылының маңында су шайып кеткен жолда көлік аударылуы салдарынан қайтыс болды. Ауылдарда тасқынның беті әлі қайтқан жоқ. Бүгінгі таңда 20-дан астам жол аумақтарында сел жүріп жатыр. Қарағанды облысында бұдан басқа Нұра, Сарысу, Жаман Сарысу, Шерубай-Нұра өзендері жылдам қарқынмен еріп жатыр. Мамандардың айтуынша, олардағы судың деңгейі қауіпті мөлшерден анағұрлым көтеріліп кеткен. Ал бұл аймақтағы 172 ауылды су басу қаупі күшейіп тұр.