$480.63 €535.13 ₽5.27
×

Ордо: Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

AstanaTV
13.09.2024ж. 14:52
185
Ордо: Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

Алау мұз айдыны кешенінде өткен Ордо ойынынан ақтық сын мәресіне жетті, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан құрамасы қырғыздарға жол беріп, күміс жүлде еншіледі. Осылайша, алтын қырғызстандық құраманың қоржынына түсті.

Ал қола жүлде Тәжікстан елінен келген спортшыларға бұйырды. Осымен екі күнге ұласқан асық ату сайысына барлығы 7 команда қатысты.

Еске сала кетейік, қазақстандық ерлер командасы бұған дейін асық атудан қырғыз спортшыларымен ақтық сында кездескен еді. Біздің құрама сол кезде топ жарып, алтынға ие болған. Бес асық атудан да қыздар командасы Ресейдің Саха құрамасын жеңіп, жеңімпаз атанған болатын.