$480.63 €535.13 ₽5.27
×

Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі

AstanaTV
13.09.2024ж. 22:05
160
Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар спортындағы жайтқа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, көкпардағы ереже бұзылған сәтті он мәрте қараған.

Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады, - дейді ол.

Бас төреші.әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медельді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын айтты.

Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын, - дейді.

Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.