Құтқарушылар зейнеткерге көмек көрсетті, деп хабарлайды AstanaTV.
Ақмола облысы ТЖД-ның «112» пультіне Сәдуақасов көшесіндегі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде тарсыл болғаны туралы хабарлама түсті.
ТЖМ бөлімшелері келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының кейіннен жанусыз тарсылдағаны анықталды.
Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Құтқарушылар пәтерден 1935 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Оқиғаның алдын ала себебі - газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы.