Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының матчтары басталды. Жекелей сында кортқа бірінші болып шыққан Қазақстан теннисінің үздігі Александр Бублик (АТР рейтингісінде 27-орындағы) қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ATP рейтингінде 247-ші орында тұрған Эльмер Миллермен өзара бақ сынасты.
Бірінші сетте 6:1 есебімен Бублик суырылып алға шыққан еді, алайда екінші партияда дат спортшысы 6:2 нәтижесімен оған есе қайырды.
Үшінші сетте де Меллер жеңіс тізгінін бермеді. Есеп — 6:2.
Осылайша Дания Қазақстанмен текетіресте 1:0 болып басымдық танытты.
Келесі ойын кезегі Александр Шевченко мен Август Хольмгрен арасында өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады.