Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Семей әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары кешеуілдеп тұр

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
2177
ЭКСКЛЮЗИВ: Семей әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары кешеуілдеп тұр

Семей әуежайын қайта жаңғырту жұмыстарының кешігуіне «Семей Авиа» компаниясының миллиондаған қарызы себеп. Сондықтан «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жобаны іске асыра алмай отыр. Бұл туралы "Астана" арнасына берген эксклюзивті сұқбатында корпорацияның басқарма төрағасы Болат Акужанов айтты. Ұшу-қону алаңы мен іргелес аумақты жөндеуге 10 млрд теңге бөлініп қойған.

2009 жылы аталған корпорация арқылы 300 млн теңгеге екі  ұшақ сатып алынған. Бірақ «Семей Авиа» бұдан табыс көрмеді. Керісінше, 800 миллион теңге берешек болып қалды. Осылайша 2012 жылы банкрот деп жарияланды. Төрағаның айтуынша, әуежайда жұмыс бастау үшін әуелі борышты өтеу керек. Кредиторлар әуежай ғимаратын 429 млн теңгеге бағалапты. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі оның жерін 120 млн теңгеге бағалап отыр. Қазір әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация үкіметке хат жолдады. Министрлікпен және кредиторлармен келіссөз жүргізілуде.

Болат Акужанов, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Үкіметтің қаулысы шыққасын, біз осы ғимаратты сатып аламыз. Қайта жаңғырту жұмыстары бірден басталып кетеді. Қазір қажетті қаражат дайын. Мердігерлер де жөндеуді бастаймыз деп, бізді асықтырып отыр. Сәтін салса, әуежай өз деңгейінде қызмет көрсететін күн алыс емес.

Қазір ұшу жолағына төселген плиталар алынып үлгерді. Ендігі кезекте әуежайдың өзін жөндеу  басталады. Қайда жаңарту жұмыстары аяқталған соң, Семей әуежайы  барлық әуе көліктерін қабылдай алатын болады.