Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылорда-Жезқазған, Арқалық-Астана бағытындағы сапасыз жолдар жуық арада жөнделмейді

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
5570
Қызылорда-Жезқазған, Арқалық-Астана бағытындағы сапасыз жолдар жуық арада жөнделмейді

Биыл екі ірі автобан ақылы жұмыс істеуге көшеді. Астана-Көкшетау арасындағы алты жолақты тас жол тәжірибесі Қарағанды мен Алматыда да жүзеге аспақ. Жол қозғалысынан түскен қаражат тас жолдың күтіміне жұмсалады. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жолға" бөлінген қаражат бойынша есеп берді.

Алдағы бес жылда Қазақстанда 7 мың шақырым жол ақылы болады. Биыл, желтоқсанда, Қарағанды-Теміртау, Алматы-Қорғас бағытымен қатынау үшін ақша төлейсіз. 1 шақырым - 1 теңге. Шамамен бір бағыт 200-300 теңгеге шығады. Олар 4 және 6 жолақты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Әртүрлі категориядағы жолдар. Бірінші, екінші. 2-3 категориялардағы жолдарда тек қана жүк тасымалдайтын машиналар ғана төлейтін болады.

Соңғы екі жылда жол салуға 616 млрд теңге бөлінген. Оның - 329 млрд теңгесі Ұлттық қордан. Қалғаны сыртқы қарыз. Бөлінген қаржыға 9 жоба іске асырылды. Павлодарда Ертіс арқылы өтетін ұзақтығы 12 шақырымдық Орта Азиядағы ең ірі өткел құрылысы аяқталды. Ал, Қызылорда-Жезқазған, Арқалық-Астана бағытындағы ойқы-шойқы жолдар алдағы 2-3 жылда жөнделмейді. Әу баста Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай тас жолынан үнемделген ақша Қызылордаға жұмсалады делінген.  Бірақ, сырттан алатын қарыз шегіне жеткен. Қаржы тапшы көрінеді.

Здесь я прошу вас понять нас. В планах на 17-18 годы этой дороги нет.


Тас жолдардың сапасынана бөлек, соңғы уақытта әуе тасымалы да алаңдата бастады. Өткен айда "Эйр Астана" ұлттық компаниясы ұшақтарынан 4 рет ақау шығып, рейстер шұғыл қонуға мәжбүр болған. Күні кеше келеңсіз оқиға тағы қайталанды. Қасымбек, "Эйр Астанаға" тиесілі ұшақ паркі - әлемдігі жаңа парктердің бірі, ондағы техниканың орта жасы 5 жыл, дейді. Әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

По этим фактам идут достаточно серьезные расследования. Они закончатся, я готов для вас пресс-конференцию устроить. Только по этим ситуациям.

Ал «Нұрлы жол» бойынша салынатын Астанадағы жаңа теміржол вокзалы мамыр айында пайдалануға беріледі деп сендірді, министр. Жаңа вокзалдың өткізу қабілеті - тәулігіне 35 мың жолаушыны құрайды. Қолданыстағы вокзалмен қоса алғанда - тәулігіне 48,8 мың жолаушы болады. Министр, бұл ЭКСПО кезінде Елордаға меймандарға сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндік береді, дейді.