Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ:Үлкен Алматы айналма жолына қатысты тараптар ортақ байламға келе алмай отыр

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
2317
ЭКСКЛЮЗИВ:Үлкен Алматы айналма жолына қатысты тараптар ортақ байламға келе алмай отыр

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына қатысты тараптар ортақ байламға келе алмай отыр. Мұның себебі, инвестор компаниялармен келісімшарттың доллармен жасалуына байланысты. Бұл туралы "Астана" арнасына инвестициялар және даму министрі айтты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Девальвацияның кезінде берген анау ұсынысты, сондықтан бағасына келіспей жатырмыз. Бағасы төмен болсын деп отырмыз. Осы жылы басталды деп жоспарлағанбыз. Бірақ осы мәселелер туындап. Кішкене проблемалар болып жатыр. 

Еске салайық, былтыр Үлкен Алматы айналма жолын салуға түрік-корей консорциумымен келісімшарт жасалғаны хабарланған. Құны шамамен 1 млн доллар болатын жоба құрылысы биыл басталуы керек-тін. Ал, 31 наурызда Мәскеуде өткен "Инфрақұрылым" конгресінде Еуразиялық даму банкінің төрағасы Дмитрий Панкин, Алматыдағы айналма жол бюджет қаражатына салынады, деп мәлімдеді.

Дмитрий Панкин, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы:

Қаражат шет ел валютасымен тартылған. Ал бюджет теңгемен. Сондықтан Үкімет валюталық тәуекелдерді сақтандырудың ретін таппады. Қазір жоба тоқтатылды. Бюджет арқылы қаржыландыру жолы қарастырылып жатыр.

Осылайша, министр Жеңіс Қасымбек Панкиннің мәлімдемесін жоққа шығарды.