$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Адамдарды қылмыстық топтарға тартумен айналысқан 6 бірдей күдікті ұсталмай жүр

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
1883
Адамдарды қылмыстық топтарға тартумен айналысқан 6 бірдей күдікті ұсталмай жүр

Қарағандылық полицейлер адамдарды қылмыстық топтарға тартумен айналысқан 6 теміртаулық тұрғынды бір жылдан бері ұстай алмай отыр. Жасы 23 пен 33 аралығындағы ер адамдарға "террористік ұйым құру және басқару", "қарулы тұлғаларды террористік және экстремистік әрекеттерге тарту және дайындау" баптары бойынша айып тағылған. Бұл туралы ІІД өкілдері айтты. Тергеу материалдары бойынша, халықаралық іздеудегі лаңкестердің екеуі басшы, ал қалған төртеуі адамдарды үгіттеумен айналысқан.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Шығыс полиция бөлімінде ҚР ҚК 257 және 259 баптарға сәйкес қылмыс жасаған бірқатар қылмыскерлерге іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен олардың тұрғылықты мекен-жайы анықталуда. 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах