«ЕХРО-2017» көрмесінде еріктілерге талап күшейеді. Олардың білімі мен тәрбиесіне баса
мән беріледі. Бұл туралы Алматыда өткен семинарда айтылды. «Жас Отан» жастар
қанаты еріктілерді оқытатын арнайы бағдарламаны іске қосқан. Ол бойынша
Астанаға баратын жастар еліміздің тарихын, ұлттық мәдени құндылықтарымыз бен
ана тілін жетік меңгерген болуы шарт. Қонақтармен сыпайы қарым-қатынасқа бейім
болуы да маңызды. Осындай талаптарға сай келетін 70-ке жуық ерікті жастар
іріктелді. Ұйымдастырушылар үміткерлерге тек көрме кезінде ғана емес, алдағы
өмірлеріне де сабақ болатын кеңестер алатынына сенімді. Жалпы ЕХРО көрмесіне
4,5 мыңдай ерікті тартылмақ. Қазірдің өзінде 3 мыңдайы іріктеуден өтіп
үлгерген.
Мәди
Ахметов, «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы:
Еріктілер
корпусын қайта жандандыру арқылы өз еркімен жастарды үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсетуге үндеу. Осы ақысыз, тегін, түрде өз үлестерін осы қоғамға қосады деп ойлаймын.
Әзиз
Қажденбек, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының директоры:
Еріктілер
- өзін өзі дамытып отыратын азаматтар, қандай да бір жетістікке жетелейтін
бағыт. Жастардың қол еңбегіне ғана емес, интеллектуалдық тұрғыдан дамыған,
еркін ойлайтын білімді болуы маңызды. Алматыда бұл жағынан жастарды қолдайтын
мүмкіндіктер жеткілікті.