Ал
Қызылорда облысында Наурызды тойлау ерекше және қызықты сайыстан басталып
кетті. Халық нағыз қазақ келінін
анықтауға тырысты. Ұлттық тағамдарды дәмді әзірлеген келіндер,
салт-дәстүрлерден де құр алақан емес екенін көрсетті. Әріптесім Шарипа Сақтапова
қазақтың тұрмысын дәріптеуде ғаламтордың мүмкіндігі шектеулі екеніне көз
жеткізіп қайтты.
Жалағаш ауданындағы 14 ауылдың келіндері, шетінен шебер, өнерлі, парасатты, ибалы әрі ізетті. 35 пен 23
жас аралығындағы нәзік жандылардың бірі ою-өрнекті матаға көмкеріп таңдай
қақтырса, енді бірі қолынан бал тамған аспаз. Нұргүл Жұмабаеваның туып, өскен
жері - Ақтөбе облысы. Ол ғаламтордан тағамның түр-түрін тауып алып үйренуге
болатынын айтады. Алайда жас келін заманауи жетістіктерге үнемі сенім арту
мүмкін емес екенін де жеткізді.
Нұргүл
Жұмабаева, келін:
Интернетте
сиыр саууды үйретпейді, интернетте күбі пісуді үйретпейді. Интернеттен
үйренбей, өз қолымыздан, анамыздан, әжемізден үйренгенімізді, енемізден осы әлі
күнге дейін тұрмыста қолданып келеміз.
Екі
баланың анасы 23 жастағы Бақыткүл болса, бесіктің қасиетін дәріптеді. Ол
алдымен сәбиінің жатар орнын аластап алды. Жас босанған аналардың күтімін де,
соған сай жасалатын салт-дәстүрді де көпшілікке паш етті.
Бақытгүл
Болысбекқызы, келін:
Қалжа
жеу деген бар. Бала дүниеге келгенге дейін тоқтыны бағып-қағып, бала дүниеге
келгенде, буыны бекісін, белін ертерек байласын деген мақсатпен күйеуі қой малын
байлайтын болған. Сол қалжаны баланың анасы қырық күн бойы сорпа қылып ішіп,
баптанып, күтіну керек. Ал қырық күн баланы да ешкімге көрсетпей, бір бөлмеде
анасы екеуі тек жылылығын сақтайтын болған.
Келіндердің
өнеріне енелер алқасы төрелік жасады. Дегенмен олар келіндерді бір-бірінен
бөліп жармады. Барлығының білімін, қолөнерін, аспаздығын бағалауға тырысты.
Сонымен қатар, Наурызда әр адам жақсылықты күтетінін айтып, сол жақсылық
алдырынан шықса деген ақжарма тілектерін білдірді.
Мейрамкүл
Биманова, Жалағаш кентінің тұрғыны:
Іште
жүрген реніштер, өкпе-наздарын кетіріп, наурызға жаңа леппен, үлкен рухани
азықпен, үлкен жақсылықпен, денсаушылықпен, үлкен үміт күтіп, жақсылық күтіп,
еріндері аққа тисін деп, елде ақ мол болсын деп, елде бейбітшілік болсын деп, татулық пен бірліктің мерекесі ретінде біз тойлап жатырмыз.
Гүлшара
Ембергенова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Көктемнің
алғашқы айында, күн мен түннін теңелген уақытында, жер көктей бастайды, барлық
жаңару осы жаңа жылмен байланыстырады. Барлық халқымызға тыныштықтық әкелсін,
еліміз аман болсын.
Наурыздың
тағы бір өзіне тән дәстүрі, ол - ағаш егу. Ауа райының қолайсыздығына
қарамастан, ақсақалдар іске кірісті. Мұнан соң мереке жалғасын тауып, көңілді
биге ұласты.
Шарипа
САҚТАПОВА