$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Торғай –Арқалық тас жолында төрт адам опат болды

17.09.2024ж. 20:00
219
Торғай –Арқалық  тас жолында төрт адам опат болды

Торғай –Арқалық тас жолында Lexus көлігі мен Газель автокөлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам опат болды. Полицияның мәліметіне сүйенсек, 38 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған.Ол Газель көлігін басып озбақ болған екен. Оқиға орнында Lexus көлігін тізгіндеуші және екі жолаушысы жан тапсырды.Тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Жол көлік апатында көз жұмған марқұмдардың екеуі- бала.Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар Торғай-Арқалық тасжолының сапасы да тексеріледі.Жыл басынан бері Қостанай облысында 750 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 37 адам қаза тапқан. 956 адам түрлі дене жарақатын алған.

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері талаптарын ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз.