$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алады

AstanaTV
17.09.2024ж. 17:56
200
Келесі жылдан бастап қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алады

2025 жылдан бастап қазақстандықтар саяси мемлекеттік қызметкерлер тапсырған декларацияны көре алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін көрсетуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен реттеледі.

«Заңның 11-бабына сәйкес, жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілер үшін декларацияның ашықтығы көзделген. Яғни олар келесі жылдан бастап декларациясын ашық жариялайды», - деді Біржанов мәжіліс кулуарында.

2025 жылдан бастап декларациясын ашық көрсететін саяси мемлекеттік қызметкерлерге мыналар кіреді:

саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;

"А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;

Парламент депутаттары мен олардың жұбайлары;

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;

Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары;

квазимемлекеттік секторда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары.