$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі күйінде табылды

AstanaTV
18.09.2024ж. 22:02
178
Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі күйінде табылды

Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік ПД мәліметінше, 7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярдың денесі арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен табылған.

«18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ», - делінген ПД хабарламасында.

Бұған дейін Көксу бекетінде жоғалған баланың табылмай жатқаны туралы хабарланған болатын.