Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүрлер сабақтастығы

AstanaTV
13.04.2017ж. 20:00
5289
Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүрлер сабақтастығы

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі - толғағы жеткен дүние. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылаған тарихшылар мен ғалымдар осындай пікірде. «Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүрлер сабақтастығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде қызу пікірталас ұйымдастырылды. Білім саласы мамандары бірқатар өзекті тақырыптар жөнінде ой толғады. Мысалға, кеңес дәуірінің ыдырауы кезінде бірден латын қарпіне көшкен кейбір елдер өздерінің бір сыпыра әріптерін жоғалтқан. Ал, қазақ елі  25 жыл бойы, әсіресе соңғы 4-5 жылда терең зерделеп, жаһанға есік ашатын жауапты қадамды ойланып басқалы отыр, дейді жиналғандар.

Қаржаубай Сартқожаұлы, Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану және алтайтану орталығының директоры:

Техника, технология жаңалықтарын, ғылымның басқа да жаңалықтарын тұрақты алып тұруға бұл өз септігін тигізеді. Ал, қазақ тіліне келер болсақ, қазақ тілінде қандай да бір ғылым тілін еркін алып жүретін сөздік қоры бар. Құдайға шүкір, совет үкіметі кезіндегі 70 жылда және тәуелсіздік алғалы 25 жылда біздің ғалымдар қазақ тілінің жазба және әдеби тілін қалыптастырды. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ