Оралда
"Балбұлақ" балабақшасының сәбилері белгісіз кеселмен ауруханаға
түсті. Өзін жайсыз сезініп, лоқсыған төрт бала дәрігер көмегіне жүгінген.
Олардың
бірінің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Өзгелері дәрігер бақылауында. Орал
қалалық білім бөлімінің дерегінше, балабақшада ішкі тексеру жүріп жатыр.
Санитарлық қызмет өкілдері ыдыс-аяқтан сынама алып, ас мәзірін тексеруге
кіріскен. Сала басшысы жағдайдың бақылауда екенін айтады. Бөбектерді баудай
түсірген кеселдің нақты қандай ауру екені алдағы бірер күнде мәлім болмақ.
Жансұлу
Төремұратова, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы:
Жағдай
бірқалыпты. Балабақша жұмысын жалғастырып жатыр. Балалар балабақшаға келіп
жатыр. Бір тілек - балаларымыз аман болсын. Енді сол 4 баламен тоқталып тұр.
Балабақша тамағы сапасыз десек, кеште солардың бәрі ауыруы керек қой. От
иммунитета тоже зависит...
Еркін КАРИН