$487.37 €532.94 ₽5.09
×

СҚО-да анасы сабақ қарамағаны үшін қызын пышақтаған

AstanaTV
19.09.2024ж. 09:52
219
СҚО-да анасы сабақ қарамағаны үшін қызын пышақтаған

Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 11 жастағы қыздың жағдайы ауыр.

Алдын ала мәлімет бойынша үй тапсырмаларын орындамағаны үшін 11 жастағы қызына пышақ жарақатын салған. Қазір қыз аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жағдайы ауыр, - деп жазды Зәкиева Instagram-дағы парақшасында.

Зәкиева атап өткендей, оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек комиссия құрылып, сараптама тағайындалды. Аталған оқиға СҚО бойынша өңірлік уәкілдің бақылауына алынды, - деп толықтырды ол.