«Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясын жекешендіруге байланысты осыдан екі жыл бұрын компания ресми түрде қарсылығын білдірген.
«14жыл ішінде «Эйр Астана» мемлекет қазынасына алғашында салынған ақшадан 40
есе көп пайда әкелді. Салық және міндетті төлемдер ретінде бюджеттің бүйірін
350 млн долларға толтырдық»,- деген.
Ол кезде «Эйр Астана» шетелдік компанияға сатылып кетуі мүмкін деген
қауіп туған. Шетелдік инвесторларға отандық әуе компаниялары акцияларының
бақылау пакетін сатып алуға мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылғанда. Заң
жоғарғы өкілетті орган – Парламентте талқыланғанда, бір ғана депутат - сенатор отандық әуе тасымалдаушының тағдырына алаңдаған еді. Ол
жолы сатылмағанымен, -сатудың логикасы бар ма? - деген сауал бұл жолы да туады.
Әдеттегідей, болжамдар қылаң берді.«Эйр Астана» ұшақтарына қатысты соңғы
уақыттағы төтенше жағдайларға қарамай, Питер Фостердің басшылығымен тұрақты
дамитын компанияға айналған ұлттық тасымалдаушы «біреудің көзіне түсіп қалды
ма»,- дегеннен бастап. Орталық Азияда – біз сияқты мемлекетте жемісті бизнес
жүргізген Фостерді Британия патшайымы Елизавета ІІ орденмен марапаттаған.
-Білікті маман білетінін ашық айтпаса да, білетіні «бет тыржитатын» екені анық
етін, - дегенбіз, екі жыл бұрын...
Негізі, әуе
компаниясының басым бөлігі мемлекет бақылауында болмаса, халықаралық рейстерден
шектеледі. 2 жыл бұрын халықаралық норманы өзгерте алмайтындарын жоғары
атқарушы билік түсінген. Бұл жолы «мемлекет үлесін отандық инвесторға сатсақ,
«ұлттық» сипаты сақталады» деп отыр. Жекеменшік компанияға қалай «ұлттық»
статус береді, түсініксіз. Заңдарды өзгертетін шығар... Эйр Астананың 49% акциясы британдық BAE
System-ге, 51% «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. Самұрық-Қазына» ҰҚ активтерді
оңтайландыру бойынша басқарушы директоры Берік Бейсенғалиевпен Мөлдір Бақытқызы
сұхбаттасқан. Айтпақшы «Балқаш
жылу электр станциясы» жобасы іске аса ма, оңтүстік кореялық инвестормен не
шешілді, сондай-ақ, «Екібастұз» ГРЭС –ң 50 пайызына ие ресейлік «Интер РАО ЕЭС» компаниясы үлесін
сататынын хабарлаған, сол не болды?– деген сауалдарға жауап бермейтіндерін
айтты.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- Үкімет отырысында Өмірзақ Естайұлы 2018-жылдың соңында 9 актив IPO- ға шығарылады деді. Ол қай компаниялар және олар Астана Халықаралық қаржы орталығы аясында шығарылады ма?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
Бұл 9 активтің 6 компаниясын IPO арқылы жекешелендіру жоспарланып отыр. Активтер үш кезең бойынша шығады. Бірінші кезеңде «Эйр Астана» мен «Қазатомпром» компаниясы. Екінші кезеңде «Қазмұнайгаз», «Самұрыұқ-Энерго». Үшінші кезеңде «Қазпошта», «Қазақстан теміжолы» компаниясы. Осы компанияларды 2020-жылға дейән біз IPO-ға шығаруымыз керек. Сол бойынша «Самқұрық-Қазына» қоры біріншіден «Астана қаржылық орталығына шығаруға ниеттеніп отыр. Оны енді уақыт жақындағанда «Астана халықаралық қаржы орталығының» дайындығына қарай шешім қабылданады. Бұдан бөтен, тағы үш үлкен актив бар. Бұл «Қазақтелеекм», «Таукен-Самұрық» және «Қазақэйр» деген компания. Бұл компанияларға капиталына стратегиялық инвестор тарту арқылы жекешелендіреміз деп отырмыз.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- 2012-2015 жылдары «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша да 9 компания шығады делінген. Екеуі IPO-ға шыққан соң, «Самұрық-Энерго»-ға келгенде процесс үзіліп қалды. Неге?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
«Халықтық IPO» мемлекеттік, қазақстандық жергілікті талаптармен ғана жасалған шара. Қазіргі жекешелендіру бағдарламасы, қалған компаниялар бәрі соған кірді. Жаңа бағдарламаға кіріп отыр. Қазіргісі үлкен үздік халықаралық тәжірибемен өтетін IPO. Бұның деңгейі жоғары. Халықта бұл IPO-ға қатысуға мүмкіндік бар. Брокерлер арқылы арызын дайындап, брокерлер ақылы қатыса алады.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- «Air Astana» жекеге сатылады, әлде IPO-ға шығарылады? Егер жекеге сатылса 51 % толық кетеді ме? Онда Ұлттық компания статусынан айыралады және халықаралық рейстер бағытын белгілеу құқығы Қазақстанға жатпайды емес пе? Бұл жағы қалай шешіледі?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
- Дұрсыс айтасыз, ұлттық компания, ұлттық статусын жоғалтпау үшін, 51 пайызы қазақстандық болу керек. Біз қор ретінде 51 пайызын сататын болсақ, біз сатқан үлесті қазақстандық инвестор сатып алу керек. Қазір ол туралы Сенатта заңнама қаралып жатыр. IPO біткен кезде бәрібір 51 пайызы Қазақстанда қалуы керек. Сонда ұлттық авиокомпания өзінің статусын жоғалтпайды. Сол туралы қазір көптеген заңнаманы қарап, тәуелсіз кеңесшілермен ақылдасып жұмыстар жүргізіп жатырмыз. IPO нәтижесінде жартысы нарықта болады, екініші жартысы да нарықта бірақ қазақстандық инвестор сатып алу керек.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- Сонда бірнеше инвестор бірігіп сатып алса да болады ма ?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
Ол жағы бәрібір қазақстандық болса болды.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- Қазақстанда оған қызығып мүдделік танып отырғандар табылады ма?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
«Эйр Астана» 2001-жылы құрылған. 2003-жылдан бері 14 жыл осы бүгінге дейін жақсы табыспен келе жатыр. Бұл компаниялардың болашағы мол. Қызығушылық көп деп ойлаймыз.
Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:
- Менің ойымша, жекешендіру деген табыс әкелмейтін компаниялардан құтылудың бір амалы ғой. «Эйр Астананы» сатудағы мақсат?
Берік Бейсенғалиев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры:
Жекешеледірудің негізгі мақсаты Үкіметіміздің экономикаға деген ықпалын төмендету. Мысалы, озық Еуропадағы басқа елдерге келетін болсақ, Үкіметтің экономикадағы ықпалы 15 пайыздан аспайды. Сол деңгейге бізде жетуіміз керек. Компанияларды нарыққа шығарып жатқаны сол жаңа деңгейге жету.