$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе қатынасы ашылады

20.02.2026ж. 11:30
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе қатынасы ашылады
Фото: pixabay.com

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Boeing» корпорациясының басшылығымен кездесті.

Елімізге жыл соңына дейін АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында «Boeing 787 Dreamliner» ұшақтары жеткізіледі деп жоспарлануда.

Ал SCAT қосымша «Boeing» әуе кемелерін сатып алмақ.

Сондай-ақ Шымкент әуежайында америкалық корпорациямен серіктестік аясында техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.