Бейсенбіде АҚШ доллары айырбас пункттерінде 320 теңгеден сатыла бастады. Қазақстан қор биржасында жұма күнгі таңертеңгі саудада 1 доллар 317,94 теңге тұрды. Доллардың қымбаттап шыға келуі, Brent маркалі мұнайдың бір баррелі 49 доллардан төмен түскен.
Бұл марканың 49 доллардан төмен болғаны 2016 жылдың қарашасы етін.
Ал осы айда солярка бағасы өспек. Қазақстанның фермерлер одағы «зауыттардан бір тоннасы 130 мың теңгеден шығарылады» деп отыр. Сәуірдің аяғында Энергетика министрлігінде жиналыс өткен, шешім сонда қабылданыпты. Ал Энергетика министрі «бағаны реттейтін біз емес» деп отыр. Мұнайды зауытқа өңдеуге өткізетін шетелдік компаниялар өз құнын бекітеді, - дейді. Ал олар біздің ауыл шаруашылығының жайына алаңдауы екіталай.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Мамыр айының бағасы зауытта 107 теңге болайын деп жатыр. Жалпы, облысқа келгенде 120-125 дейін ғана. Заправкаларда бүгін айтылды 134-135. Заң бойынша бізде министрлікте, ешқандай құқықтарымыз осындай бағамен анаған-мынаған сат деген жоқ. Біз тек қана административті тұрғыда ғана айтып жатыр. Заң бойынша олардың бағаларын реттеуге біздің ешқандай құқықтарымыз жоқ.
Дизельді отынның литрі зауыттардан 107,5 теңгеден шықса, шаруаға жеткенше 123 теңгеден жоғары болады деген сөз. Жеткізуші операторлар барлық шығындарын, тіпті кредиттерінің өсімін қосады, - дейді фермерлер одағы. Негізі, шаруаларға отын жеткізуге байланысты келісім жасалып қойған. «Ендеше қосымша келісім жасалады, сондықтан фермерлер оған қол қоймаулары керек, егер әрине, қосымша ақша төлегісі келмесе» - аталған одақтың осылай үндейді.
Әуезхан Даринов, Қазақстан фермерлер одағының төрағасы:
Себе алмай қалуы мүмкін. Сепсе де, біраз жұмысты аяғына дейін атқармауы мүмкін. Толық сеппеуі мүмкін. Тыңайтқышты салмауы мүмкін. Оның барлығы ертең егіннің көлеміне байланысты болады. Келісім шарт мына март айында қойылды ғой. Сол әбден алынып болғанша өзгермеуі керек. Бас-аяғы 360 мың тонна ғой. Оның көлеміне ешқандай дау жоқ. Тек қана оны алу мәселесі қиын болып тұр.
Бұл хабар ауылдағы ағайынның ұйқысын қашырды. Қызылорда облысындағы Баймұрат ауылында небәрі 1300 адам тұрады. Бір ғана шаруашылық бар. Күріш егетін жергілікті жұрттың бұл күнге дейін алымы мен салымын есептегенде, ұпайы түгел еді. "Енді шығынға белшеден батамыз ба", - деп қорқады.
Нәрікбай Абсадықов, шаруа:
Көктемгі
егіске 20 тонна жібереміз, сосын күріш жинайтын кезге де 15-18 тонна шамасында
солярка жағамыз. Егіп болып қалдық, Неге ол қысты күні керек емес кезінде
қымбаттатпайды? Неге осы кезде қымбаттатады? 90 мыңға бір тоннасын алдық. Енді
ол қазір бір тоннасы 140 мыңға барайын деп тұр ғой. Көктемгі егіске ғана алып
тұрғанымыз қазір.