Кейбір мәліметтерге қарағанда, Алматыдағы студенттердің тек 30 пайызы жатақханамен қамтылған. Ал оған қол жеткеннің өзінде ...суға түсетін орынға күні бұрын жазылып қоюың керек. Онда да душ 3 сағат ғана жұмыс істейді... Әлімжеттік барын өткен сәуір айында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші курс студенті Дидар Болысбектің өлімі дәлелдейді. Кеудесі арманға толы жап-жас жігіттің өмірі бір-ақ сәтте қиылды. Азамат болған ұлынан айырылып, ата-анасы қалды... Құқық қорғау органдары 10 адам төбелескенін,қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын, басты күдікті сол, ҚазҰАУ-ң 20 жастағы студенті Тойшыбек Асамов екенін хабарлады. Ол екі ай қамауға алынған.
Бұл жердегі маңызды сауал - «қайтсем тұратын жерімнің ақысын табамын» деп зыр жүгіріп, жұмыс істейтін студенттер қандай маман болып шығады?
Алматыдан тыс аймақтардан білім қуып келген жастар үшін тұрақты мекен қажет. Бірақ жатақхана барлық студенттерге бұйыра бермейді. Шаһарда 136 мың студент білім алып жатыр. Жоғарғы оқу орындары олардың 30 мыңдайын ғана қамтамасыз ете алады.
Нұрболат Көлбаев, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Студенттер қалашығы» директорының орынбасары:
Жатақхана берерде квотасына, жағдайына қараймыз. Алыстан келетіндер, әке-шешесі мүгедек, пәтер жалдауға жағдайы жоқ студенттер кезексіз, әрі бірінші қамтылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі. Онда қазір 17 мың студент білім алып жатыр. Университет олардың 4 мыңнан астамын жатақханамен қамтамасыз еткен. Қалғаны негізінен пәтер жалдап күнелтуге мәжбүр.
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Фатима Сәлменова Ұлттық университеттің жатақханасында тұрады. Алайда бір гәп бар. Оқу орны «акционерлік қоғам» деген статус алған соң, жатақхана тегін емес. Және ағымдағы оқу жылы бірден 95 мың теңгеге қымбаттаған.
Фатима Сәлменова, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ студенті:
Жасыратыны жоқ, бағаны қымбаттатып жіберді. Бұрын жылына 25 мың теңге төлеуші едік. Биыл бірден 95 мың теңгеге қымбаттаты. Алған стипендиямының жартысынан көбін ай сайын осы жерге төлеуге міндеттімін. Ақырындап 40 мың, 50 мың деп көтерсе де болар еді ғой.
Алайда көптеген студенттерге қарағанда Фатиманың жағдайы алқам шүкір. Жатақханадан орын ала алмай, пәтер жалдауға немесе туыстарының үйін паналауға мәжбүр студенттер өте көп. Қалалық жастар саясаты басқармасының дерегінше, олардың саны 40-50 мың адам.
Дәурен Бабамұрат, қоғам белсендісі:
Осыдан он жыл бұрын жатақхаан жетіспейтін мәселе болатын. Сол әлі бар. Алматыда 90 мың студент сырттан келіп оқыса, соның 30 пайызы ғана тұрақты жатақханамен қамтамасыз етілген. Соның 50 мыңы қамтылмаған.
Алматыдағы әйгілі «Жетім бұрыш» әлі бар. Қаладағы жылжымайтын мүлік нарығына қатысты шынайы жағдайды осы жердегі маклерлерден де сұрап білуге болады. Делдалдарға студенттер де көп жүгінеді. Салық төлемей, астыртын жұмыс істейтіндіктен, олардың кейбірі жүздерін жасырады.
- Жатақханада орын жоқ, бірінші курс тұрады. Сосын қуып шығады. Общежитиелер сатылып кеткен. Орын жоқ көбіне.
- Менікі жер үй 20-25 -30 мың беремін. Жағдайларына қараймын, Әрине қиналады. Оқу құралы бар, жол жүретін ақысы бар, соған қиналып жүреді.
Қоғам белсендісі Дәурен Бабамұратов жастар мәселесімен жақсы таныс. Оның айтуынша, қалада студенттік жатақхана мәселелерін шешуге жоғарғы оқу орындарының басшылары құлықсыз. 2000-ші жылдары қалада жатақханалардың дені жекешелендірілген. Ал жаңасын салуға ешкім асығар емес. 2011-2015 жылдары Білім және ғылым министрлігі «Студенттік баспана» бағдарламасын іске асырып, осы аралықта республикада 32 жатақхана салынуы керек еді.
Дәурен Бабамұрат, қоғам белсендісі :
Душқа түсу үшін алдын-ала жазылу. Гигиена мәселесі, оқу орынан қатысы жоқ адамдардың жатақханада тұруы сияқты баяғыда бар мәселелер әлі өзекті.
Студенттік жатақханасы көп жоғары оқу орны - Қазақ ұлттық аграрлық университеті. Себебі білім мекемесінде негізінен ауыл жастары білім алады. Білім ортасының баспасөз қызметі берген анықтамаға үңілсек, университетте 7 мың студент бар. Қазір 10 жатақханада 2 мыңға жуық студент тұрады. Аталған оқу орнының жатақханалары тәртіптің әлсіздігі, әлімжеттікпен де «танымал». Студенттерге арналған баспанада сәуір айының басында 1-курс студенті мерт болған.
Дәурен Бабамұрат, қоғам белсендісі:
Студенттің бар қайғысы оқумен болу керек қой. Әрине, оның қолы бос болса, оқу қиын болмаса, ілініп салынып жүрсе, ол бос уақытн басқа жаққа жұмсайды. Әлімжеттік, күш көрсету, крмимнал да болады.
Нұрболат Көлбаев, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Студенттер қалашығы» директорының орынбасары:
Студенттердің бір біріне әлімжеттік жасауы-жағдайының дұрыс болмауынан. Ақша керек болады.
-Қазір «болады, болады» деп осы жерге тағы төсектер әкеліп қойса, үндемей тұра бересіздер ме?
-Жоқ, шу шығарамыз....
Қазақ аграрлық университеттегі әлімжеттік оқиғасынан кейін қалалық жастар саясаты басқармасы кешенді мониторинг жүргізуді қолға алған. Арнайы топ шаһардағы 38 оқу орнындағы 94 студенттік жатақхананы тексеріп жатыр. Жастар баспанасындағы тәртіп, жеке гигиенаны сақтауға мүмкіндік, инженерлік желілер, интернеттің қолжетімділігі мен спорт залдардың бар-жоқтығы есепке алынады.
Шыңғыс Бескемпіров, Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы:
Қарапайым жылу, свет, интернет, үй тапсырмасын орындауға жағдай жасалып отыр ма? Одан тыс, жатақханадан өзге өңірлерден келетін студентттермен қандай жұмыс жүргізіледі. Анонимдік сауалнама жүргізіп жатырмыз.
Қазақстан бойынша 75 мың орынға арналған 237 студенттік жатақхана бар. Оның 50 пайызы Алматыда орналасқанмен, шаһарға білім іздеп келгендердің баспанамен тіпті жартысын да қамту мүмкін болмай отыр.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Акционерлік қоғам ретінде шаруашылықты дербес жүргізу құқығын алған соң, университеттер студенттерге жағдай жасай ма, әлде коммерциялық мақсатты көздеп кете ме?! Білім және жастар саясатымен айналысатын сарапшыларды осы сұрақ мазалап отыр. Алаңсыз білім алмаған, басты мақсаты орындалмаған студент, оқу орнын бітіріп шыққасын қандай маман болады? Бізде онсыз да жоғары білімі бар, бірақ жұмыс таппай сергелдеңге түскендердің үлкен «армиясы» бар.
Ришат
Асқарбекұлы, Біздің уақыт.