Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлауалды отырысы

AstanaTV
05.05.2017ж. 20:00
2351
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлауалды отырысы

Өткен жылы ел тұрғындарына 37 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 68,5 пайызы элекронды түрде жүзеге асқан. Дегенмен, қызметке кіріскеніне 1 жылдай уақыт болған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясының бірсыпыра мәселелері «Нұр Отан» партиясының сайлауалды отырысында талқыланды.

Жетекші партияның аймақтық филиалдары биыл 41 проблемалы мәселені анықтап, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар жасаған. Мысалға, корпорация мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып тұрып та қызмет атқарған. Өткен жылы осындай қызмет 39 мыңға жуықтапты. Келер жылы туу туралы куәлік, неке куәліктері сынды бірсыпыра анықтама құжаттардың беру мерзімі жеделдетілмек. Ол дайын болғанда, құжат иесіне СМС хабарлама келетін болады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді, дейді мәжіліс депутаты Майра Арабқызы.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мемлекеттік қызметтің 75 пайызын, яғни 542-сін корпорация көрсетіп отырса, соны 100 пайыз деп алсақ, соның 1 пайызы немесе тіпті бір адамға дұрыс жұмыс көрсетілмесе, бұл біздің бар жұмысымызды нөл қылып шығарады. Сол себепті біз халықтың көңілінен шығуға тырысуымыз керек. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ