$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе мыс компаниясында өндірісте жұмысшы қаза тапты

20.09.2024ж. 20:00
153
Ақтөбе мыс компаниясында өндірісте жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы қаза тапты. Байыту комбинатында ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен көрінеді. 32 жастағы жұмысшы сол жерде жан тапсырды. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталуда. Тексеру жұмыстары бір айға созылмақ. 

АСХАТ ЖҰМАЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:

ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4 тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы төрағалық етуімен арнайы тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Адам өлімі кезінде арнайы тергеп-тексеру нәтижелеріне жазатайым оқиға талаптарына кінәсінің дәрежесі айқындалатын арнайы тергеу актісімен рәсімделеді.