$447.73 €502.98 ₽5.35

Ақтөбеде көлік өртенді

Ақтөбеде көлік өртенді
фото скрин

Ақтөбеде құтқарушылар автокөлік өрті кезінде болуы мүмкін жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Astana TV.

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында, Жалантөс батыр даңғылында, Ақжар көпірі маңында жол бойында автокөлік өртенді.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

Автокөлікте газ-баллон жабдығының болуы жағдайды ерекше қауіпті етті.

Құтқарушылар жедел түрде қажетті шараларды қабылдап, болуы мүмкін жарылыстың және төтенше жағдайдың одан әрі өршуінің алдын алды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылауға және оларды пайдалану кезінде барынша мұқият болуға шақырады.