Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елде 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді

AstanaTV
05.05.2017ж. 20:00
3019
Елде 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді

Қазіргі қоғамда туған мәселенің бірі - оқыған-тоқыған, жұмысы бар қыздардың теңін таппай отырғаны. Қыздардың көп ретте айтатыны: жігіттер отбасы тұрмақ, өзінің қара басын асырай алмайды. Олар «жігіт болса да, жеткіншек сияқты ойлайтын инфантильді адамға тұрмысқа шыққанша, жалғыз жүргенім артық» деп есептейді. Онсыз да кейбір деректерге қарағанда, еліміздегі 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді екен.

Егер ер адам бірнәрсе талпынып істесе, оған әйел адам еріп барады. Менің жолымда сондай ер адам кездессе, бәріне барамын. Нәзік те болу, инабатты да болу қиын емес, егер жаныңда нағыз ер адам болса.

Тақырыпты тілшілеріміз ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасында тарқатады.