Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жердің құнарлылығына бақылау жүргізгенде жаңа технологияларды енгізу қажет - Депутаттар

AstanaTV
13.04.2017ж. 20:00
1935
Жердің құнарлылығына бақылау жүргізгенде жаңа технологияларды енгізу қажет - Депутаттар

«Жер қатынастарын реттеу» бойынша заң жобасы көңілге мұң ұялатады. Мәжілісте қаралған құжатқа қатысты. «Ауыл» партиясы орталық аппаратының жетекшісі Фарид Ақбердиев өз ойын осылай білдірді. Жер реформасына қатысты өзгерістер былтырдан бері талқыланып жатқаны белгілі. 2021  жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі. Алайда бір жыл бойы пысықталып жатқан заң жобасына көптеген депутаттар мен қоғам белсенділерінің көңілі толмайды. 


Фарид Ақбердиев, «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының жетекшісі:

Мұнда жиналғандардың бәрі жерді жақсы білетін ғалым емес қой. Жұмыс тобына ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін қосыңыздар, немесе соңғы құжатты мамандардың сараптамасына беріңіздер. Әйтпесе жер туралы мына құжат көңілге мұң ұялатады.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Егер заң тым көңілсіз деп есептесеңіздер, оған оптимизм қосыңыздар. Заң ілініп тұр, өздеріңізде тыңдаулар, конференциялар өткізіп, ғалымдарыңыздың пікір, ұсыныстарын беріңіздер. Біз оларды қарастырамыз. 

Депутаттар заң жобасындағы жемқорлыққа жол беруі мүмкін тұстарды да байқады. Сондақтан жердің құнарлылығына бақылау жүргізгенде жаңа технологияларды енгізуді ұсынды. Бұл ашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет деді. Жерге қатысты заң жобасы әлі де жұмыс топтарында талқыланады. Бірақ жерді сату, не жалға беру бағыттары бойынша сұрақ нақтыланған сияқты.

Мұхтар Тайжан, қоғам белсендісі:

Жер сатылмайды. Жер тек қана Қазақстан азаматтарына тек қана жалға беріледі. Тіпті фирманың ішінде шетелдіктердің пайызы 1 пайыз болса, онда мұндай фирмаға жер жалға да берілмейді. Қазақстан азаматы шетел азаматына күйеуге шықса, ондай Қазақстан азаматына жер жалға берілмейді.