Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбеде шағын алма бағына Димаштың аты берілді

AstanaTV
05.05.2017ж. 20:00
2383
Ақтөбеде шағын алма бағына Димаштың аты берілді

Димаш Құдайбергеновке жерлестері тосын сый жасады. Ақтөбе қаласындағы бірнеше мектептің оқушылары мен жас натуралистер стансасының тәлімгерлері жаңа баққа Димаштың есімін берді.

Жас натуралистер бекетінің аумағына бүгін 50 көшет отырғызылды. Бұл жерде алманың төрт түрі өсірілетін болады. Көшеттерді ұстаздар сатып алған. Ал, баққа Димаш есімін беру бастамасын көтерген оқушылар екен. Балалар енді әйгілі жерлестерінің туған жеріне оралуын асыға күтіп жүр. Әнші тал отырғызу үшін арнайы орын да белгілеп қойған.