×

Қауіпсіздік. Сирия. Ресей – АҚШ. Босқындар...

AstanaTV
15.04.2017ж. 20:00
1654
Қауіпсіздік. Сирия. Ресей – АҚШ. Босқындар...

Президент «Мир» телекомпаниясына сұхбат берген, сонда Астананың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын саясиландыруға қарсы екенін мәлімдеді.Телеарна журналисі Назарбаевқа аталған ұйым мен Солтүстік Атлантика Одағы ұйымының  ұқсастығы және айырмашылығы қандай деген сұрақ қойған. Назарбаев оған екі ұйым арасында "еш ұқсастық жоғын" айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз ҰҚШҰ-ның саясилануына үнемі қарсы шығып келдік. Бұл біздің аймақтық мәселелерімізді шешеді. ҰҚШҰ осы мәселелерді ұжымдық түрде шешуге ғана қызмет етеді. Оны әлдебір жаққа тартуға Қазақстан қарсы және ұйымның басқа мүшелері де бұған қарсы деп ойлаймын.

«Мир» телекомпаниясына Ресей президенті В.Путин де сұхбат берген. Ол Ресейдің АҚШ-пен арадағы қатынасына орай былай деді: «Ағымдағы жұмыс деңгейінде, әсіресе, әскери мәселе деңгейінде жақсарған жоқ, дәлірегі – деградацияға/тоқырауға ұшырады».

Ол «Сирияда химиялық шабуыл жасалды, қаншама адам, оның ішінде бала өлді» деген ақпаратқа байланысты – оны Сирия билігінің жасағаны дәлелденген жоқ, - деп, соған орай АҚШ-ң Сириядағы әскери базаны бомбалауын – қақы болмаса да, дербес мемлекетке соққы жасады, кезекті рет халықаралық құқық бұзды, - деп бағалады. АҚШ-ң одақтастарын «не болып жатқанына сараптама жасамай, қытай қаңғырлақ қуыршақтары сияқты бас шұлғи береді», - деп сипаттады:

Владимир Путин, РФ Президенті:

Как отреагировали союзники по НАТО? Все кивают, как китайские болванчики, не анализируя ничего,что происходит.

Сәуірдің 4-де Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхунде химиялық қару қолданылып, 70- тен 100-ге дейін адам ажал құшты, 500 адам зардап шекті деген ақпарат шықты. Ресей қорғаныс министрлігі Сирияның әуе күштері террористердің химиялық қару жасырған қоймаларын бомбалады деген хабарлама таратқан. «Химиялық қару қолданды» деген айыппен АҚШ Сирияның «Шайрат» аэродромын зымырандармен атқылаған. Бұл кезде Батыс әлемі Сирия мен Ресейді кінәласа, орыстар «ешкімнің кінәсі дәлелденбей, біржақты шешім шығарылды» деп дауласқан. Дегенмен Ресейдің либералды ақпарат құралдары «Асад Путинді мазақ қылып отыр, оны несіне қорғаштай береді» деп жазғанын да айту керек. Соңғы күндері АҚШ пен Ресей дипломаттары кәдімгідей ұрса бастады.«Сирияда химиялық қару қолданылды» деп, Ұлыбритания, Франция, АҚШ  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің айыптау қарарын дайындаған. Талқылаған кезде қарарды Ресей бұғаттап  тастады. Онымен қоймай, Ресейдің БҰҰ өкілі Ұлыбританиялық өкіліне дүрсе қоя берді. Ұлыбритания өкілі Мэтью Райкрофт «Ресейге сенім жоғалып барады, себебі Ресей Асад режимін ұятсыздықпен қолдайды», деген.

Владимир Сафронков, РФ БҰҰ тұрақты өкілінің орынбасары:

Посмотри на меня! Глаза-то не отводи! Что ты глаза отводишь? Именно поэтому ты сегодня ничего не сказал о политическом процессе. Специально выступление Мистуры не слушал. Предъявляете оскорбительные требования гарантам процесса в Астане. А вы что для этого сделали, для прекращения огня?


Тақырыпты мына комментарийлермен тұжырымдасақ: Ресейлік саяси сарапшы Александр Шмелев Facebook парақшасында былай жазыпты: Лавровқа идея ұсынамын - Ресейдің БҰҰ-дағы келесі тұрақты өкілі мұрнын шұқып, маңқасын алсын да, оны елдің көзінше қарсыластарының пиджактарына жағып тастасын. Содан соң арсылдап үріп, қасында отырған адамдардың сирағын тістеп алсын».
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Ол қорлайтындай ештеңе айтқан жоқ. БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі пікірталастар әдетте қызу өтеді, олардың бәрі қазіргі және болашақ халықаралық қатынастарға байланысты. Батылдық көрсетпеудің соңы жаман болады»,- деген...