Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда зорлық-зомбылық көретін жастар үшін жедел желі ашылды

AstanaTV
14.04.2017ж. 20:00
1924
Алматыда зорлық-зомбылық көретін жастар үшін жедел желі ашылды

Алматыда зорлық-зомбылық көрген жастар үшін жедел желі ашылды. Әлімжеттік құрбаны болған, заңсыз ақша жинау мен кек алу, ұлтына, нәсіліне қарай кемісітушілікке ұшыраған оқушылар мен студенттерден ақпарат қабылдайды. Кешелі бері Сенім телефондарына 15-тен астам қоңырау түскен. Жоба авторларының айтуынша, әсіресе қаражат жинау, адам өміріне қауіп төндіру оқиғалары жиілеген.

Әли Сұлтанбеков, Алматы қаласы «Жастар ресурсы» орталығының маманы:

Екі адам атын атамауды өтінді. Біреуі Атыраудан. Алматыда бұрын оқыған екен, ондағы әлімжеттік туралы талқыладық. 

Бұл бастама Қазақ аграрлық университеті жатақханасындағы оқыс жағдайдан соң қолға алынған. 11 сәуірде түнгі мезгілде төбелес болып, салдарынан 17 жастағы жігіт қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, марқұмды жоғарғы курстың студенттері соққының астына алған. Күдікті ретінде екі адам қамауға алынды.