$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Әскери шеруге шығатын техниканың 50 пайыздан астамы Қазақстанда жасалған - Т. Жанжүменов

AstanaTV
14.04.2017ж. 20:00
2360
Әскери шеруге шығатын техниканың 50 пайыздан астамы Қазақстанда жасалған - Т. Жанжүменов

7 мамырда өтетін Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери шеру егемен еліміздің тарихындағы ең ауқымдысы болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Талғат Жанжүменов айтты. Қорғаныс вице-министрінің дерегінше, шеруге 5 000-нан астам сарбаз бен 300-ге тарта әскери және 80 бірлік авиациялық техника тартылады. Бір айта кетерлігі, алаңнан өтетін әскерилер қарамағындағы қорғаныс құралдарының 50 пайыздан астамы отандық өнім.