$480.5 €534.22 ₽5.18
×

"Жаңартылған энергия көздері - климаттың өзгеруінің шешімі", - сарапшы

23.09.2024ж. 20:00
82
"Жаңартылған энергия көздері - климаттың өзгеруінің шешімі", - сарапшы

Атом Электр Станциясы парниктік газ шығарындыларын жылына 10 млн тоннаға дейін азайтады. Сонымен қатар 60 жылдан астам уақыт бойы тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сарапшылар осылай дейді. Сондай-ақ, экономикамыздың әлеуетін арттыруға үлес қосатын инвесторлардың елге келуіне сеп болады. Ғалымдар бұл халықтың әл-ауқатын жақсартатынын айтады. Осы және өзге де ақпараттар "Референдум" топтамасында. 

Қазіргі Жылу электр станциялары көмірқышқыл газын, метанды және басқа да парникті газдерді, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа ластаушы заттарды шығарады. Ал АЭС-тің экологияға зияны жоқ дейді сарапшылар. Яғни, жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруін алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Атом электр станциялары бірдей қуаттағы күн және жел электр станцияларына қарағанда едәуір аз аумақты қамтиды. Бұл ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да мақсаттар үшін құнды жерлерді сақтауға мүмкіндік береді дейді шетел ғалымдары. 

ЧАО ГАН, "CNOS" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Климаттың өзгеруінің тағы бір шешімі-жаңартылатын энергия көздері. Өкінішке қарай, ЖЭС тұрақты энергия көзі емес, ал атом энергетикасы тұрақты көз болып табылады. Бірақ күн ішінде Атом энергиясы көбірек энергия бере алады. ЖЭС пен атом энергетикасының үйлесімі тамаша шешім болады.

Елімізде атом саласында білікті мамандар жетіспейді. Қазір қоғамда осындай алып-қашпа әңгіме тараған. Мамандар бұл жансақ пікір дейді. Себебі, бүгінде елімізде 3 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Оларда 400-ге жуық білікті маман қызмет етуде. Сондай-ақ, саладағы кадрлық резерв еліміздің 7 техникалық жоғары оқу орнында даярланады. Білім ордаларында практикалық тәжірибеге басымдық беріледі. Өскемендік студенттер 10 жылдан бері тәжірибелік реакторлармен жұмыс істейді. 

МЕДЕТ МАНЫШЕВ, СТУДЕНТ:

Электр энергетикасы дегеніміз не? Жалпы алғанда, ол тұрмыстық техникадан басталады, яғни, телефонды зарядтау керек болса да, таңертең шайнекті, пештерді, тоңазытқыштарды қолдануымыз үшін де біз электр энергетикасын аламыз және осы шығындардың барлығын атом электр энергетикасы толығымен жабады деп айтуға болады. Еліміз үшін АЭС салу қажет. Себебі, энергия шығындары біздің жалпы энергия ресурстарымыздан едәуір асып түседі.

Қазір бүкіл әлемде 400-ден астам Атом Электр Станциясы қауіпсіз жұмыс істеп тұр. Қуат көзін өндіретін орталықтар III буын реакторларымен жабдықталған. Олар 100 жыл үзіліссіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, мамандар көмір станцияларына қарағанда шығын аз болатынын айтады. Мәселен, 1 кг ядролық отын 2 вагон көмір жаққанмен тең екен.