$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Хирургтар форумында тікелей эфирде 6 операция жасалды

23.09.2024ж. 20:00
366
Хирургтар форумында тікелей эфирде 6 операция жасалды

Әлемнің алдыңғы қатарлы хирургтары Астанада бас қосты. Олар 2 күнге созылған "Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар" форумы аясында тәжірбиелерімен бөлісіп, 6 адамға тікелей эфирде операция жасады. Екі күнге созылған басқосуға 2000-ға жуық маман қатысты. Тікелей трансляцияны 4 мыңға жуық адам тамашалады. 

МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ХИРУРГИЯ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір біз екі бөлмеде операцияларды онлайн форматта жүргіземіз. Ол аурухананың операция бөлімінен камера арқылы, арнайы бағдарламалар арқылы экранға шығарылады. Бұл іс-шарада біз хирургияның барлық бағыттарында жасалып жатқан жоғары технологиялық инновациялық әдістерді кеңінен таратуға, сонымен қатар шетелдерден келіп жатқан біздің қонақтарымызға біздің жасап жатқан жұмысымызды және олардың жасап жатқан инновацияларын біздің дәрігерлерге көрсетуді мақсат еттік.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен Қытайдың Xuanwu Hospital серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. Енді екі елдің клиникалары нейрохирургия саласында тәжірибе алмасып, серіктестік орнатады. Сондай-ақ эпилепсия ошағын анықтайтын Remebot роботы Қазақстанның барлық өңірі үшін қолжетімді болмақ. Мұның барлығы медицина саласының өркендеуіне сеп болады. 

СИНТА ФРОЛ, СЛОВЕНИЯ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

Конференцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақстанның медицинасына деген қызығушылығым жоғары. Себебі, соңғы уақытта бұл салаға үлкен күш салынды. Жаңа технологиялар мен білікті мамандар хирургияның дамуына елеулі үлес қосты. Менің қазақстандық хирургтардан үйренерім көп. Әлемніңтүкпір-үкпіріндегі әріптестермен тығыз байланыста болып, білгенімізді бөлісіп отыру аса маңызды деп ойлаймын. Мен осындай форумдарға келгенде әріптестерімді, олардың жұмысындағы қызықты жағдайларды естіген сайын жаңа нәрсе үйренемін.