$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада тіл мамандары бас қосты

Қызылордада  тіл мамандары бас қосты

«Тілдегі өзгерістерді еңсерудің басты тетігі – қазақ тілі пәні». Қызылордада өткен республикалық ғылыми конференция қатысушылары осылай дейді. Онда тілдегі өзгерістер, тіл үйретудегі отандық әдіс-тәсілдер, жаңашылдықтар және өзге де мәселелер сөз болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар баяндамалар оқып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Бұл шара облыстық тілдерді оқыту орталығының 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

НҰРСӘУЛЕ МҰСАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

Біздің оқытушылармен бірге үлкен, алдағы ауқытта да жоспарлар құру мақсатында осындай үлкен шара біздің облысымызда өтіп отыр. Бұның беретіні өте зор. Өйткені біздің мемлекеттік тілдің мәртебесін, әрі қарай мемлекеттік қызметшілерге, ересек тұрғындарға оқытуға бұның алатын орны өте зор.