$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су қоймасы жарылса, Астананы су басуы мүмкін - Қ. Қасымов

AstanaTV
18.04.2017ж. 20:00
3897
Су қоймасы жарылса, Астананы су басуы мүмкін - Қ. Қасымов

«Көп нәрсе біздің жіберіп жатқан қателігімізден». Су тасқыны астында қалған елді мекендерге қатысты бүгін Үкімет басшысы осылай деді. Төтенше жағдайдың алдын алуға қаражат бөлінді, тікұшақ бар! Жағдайды бақылаудан шығарып алған шенеуніктер кінәлі дейді. Бүгін Үкімет үйінде қанша елді мекен суға кеткені және тағы қай өңірлерге қауіп төніп тұрғаны белгілі болды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

«Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деп сол баяғы айтатын сөзіміз. Сол апай қартайды. Сол баяғы жартас - сол жартас. Қанша айтамыз, жұмыс жүргізіп жатырмыз, қатаң бақылауда ұстап отырымз деп. Бірақ келеңсіз жағдайларға алып келіп отыр. Көп нәрсеге біздің өзіміздің жіберіп отырған қателіктерміздің кесірінен келеңсіз жағдайлар келіп жатыр. 

Су тасқыны астында қалып берекесі қашқан ауыл-аймақтардағы ахуалға қатысты бүгін біраз мақалдатуға тура келді. Үкімет өз қателігін мойындап отыр. Ал осы уақытта Қазақстанның 7 өңіріндегі 52 елді мекенде тіршілік қиындап кетті. Ол Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. Онда барлығы 2000-ға жуық тұрғын үй мен 120 тас жолды су шайып кеткен. Қазір Астанаға да қауіп төніп тұр. Бас құтқарушы суқоймаға су осы қарқынмен құйылса, ол жарылып кетуі ғажап емес, деді.

Қалмұхамбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Астана мен жапсарлас елді мекендерді қорғау үшін,  тасқын суды Астана су деңгейін реттеу қоймасына бұрып жатырмыз. Қазірдің өзінде 132 млн куб су жиналды. Қондырғының қуаты 450 куб. Қазіргідей жағдай сақталса, суқойма үш күнде толып, жарлып кетуі мүмкін.

Сондықтан, әкімдікпен бірігіп, алдын алу шаралары қолға алынған. Ал, Атбасардағы тасқынға шыдас бермеген дамбаны салғандар үстінен "Салғырттық" үшін қылмыстық іс қозғалды. Жобасын Көкшетаудағы "Горсельпроект" жасаған. Құрылысын астаналық "СарЖомарт-2015" компаниясы жүргізіпті. Облыста жағдай әлі тұрақсыз. 34 елдімекендегі 900-ге жуық үйді су шайып кетті. Жарық жоқ, ауыз су мен азық-түлік тапшы.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Что мы не могли предположить, контролировать. Можно же было сделать взрывные работы, чтобы лед нормально прошел.

Ақтөбеде 850 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Нөмері қырықыншы мектепті 376 адам паналап отыр. Кереуеттер қойылып, ыстық тамақ беріледі. Еріктілер азық-түлік пен ең қажетті деген заттарды әкеліп жатыр. Медбикелер осы жерде күндіз-түні кезекшілік етеді. Бүгінге дейін 9 адам ауруханаға түскен.

Назгүл Айымбетова, қала тұрғыны:

Тұрғызған үйіміз еді, құлады. Әкемді жаңа тағы скорый алып кетті. Шешем де учетта тұр сахармен. Ол кісінің де бір аяғы, бір қолы құрысады. Білмейміз, қандай көмек береді үкімет? Басқа үміттенетін ештеме жоқ. Тек қайырымды жандардан, үкіметтен көмек күтіп отырмыз.

Ал Сапарбаевқа қысқа мерзімді демалысын үзуге тура келді. Сазды, Қарғалы, Елек өзендері тасып, Ақтөбе маңындағы саяжайларда 644 үй жермен жексен болды. Соңғы тәулікте Қарғалы өзеніндегі су деңгейі 15 сантиметрге көтерілген. Өңірде үш суқойма бар. Оның екеуі толып тұр, үшіншісі де 97 пайызға жеткен.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Комиссия әбір үйді, жанұяны барып зерттейді. Үйінің қалай болғанын, құлағаны, сынғаны бар ма, қандай шығын бар? Бәрі есептеледі. Сосын ол комиссияда қаралады. Комисиияға сіздердің араларыңыздан да адамдар кіреді. Мүмкін, кейбір үйлерге құрылыс материалдарымен көмектесеміз. Әрі қарай өздеріңіз сынғаны, құлағанын жөндеп аласыздар. Кейбіріне жер береміз. Оны да қараймыз.

Ал Ауыл шаруашылығы миинстрлігіне қарасты Су ресурстары комитеті өзен маңында үй салып, тұруға рұқсат жоқ дейді. Мұндай бассыздыққа жол берген әкімдікті айыптайды.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстарын бақылау комитетінің төрағасы:

Қазіргі заң бойынша су аумақтарында міндетті түрде су бассейні инспекциясынан рұқсат алу керек. Бірақ біздікі бермейді. Оған қарамай, салынып кетеді.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Әзірге Сапарбаевтан басқа шенділер жылы орындарынан қозғалған жоқ. Баспанасы, қора-қопсысы, мал-жаны мен дүние-мүлкі тас-талқан болып, қайғыға душар болған жергілікті жұрттың жағдайын алыстан бағып отыр. Қауіпті өңірлерге 3 мың құтқарушы сарбаз жіберілген. Жағдай тек екі аптаның ішінде тұрақталуы тиіс дейді. Содан соң келтірілген шығын көлемі есептеледі. Оны жергілікті бюджеттен өтейді.