Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қорғаушы: Қ. Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс тек оның бұрынғы қоластындағылардың берген түсініктемесіне негізделген

AstanaTV
18.04.2017ж. 20:00
2386
Қорғаушы: Қ. Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс тек оның бұрынғы қоластындағылардың берген түсініктемесіне негізделген

Бұрынғы Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа тағылған барлық айыптау «Бәйтерек» ұлттық холдингіндегі бұрынғы қоластындағылардың түсініктемелеріне ғана негізделген. Қамауда отырған шенеуніктің адвокаты осылай деп мәлімдеді.

Былықтары ашылып, шетінен ұсталған холдингтің лауазымды тұлғалары барлық іске жетекшіні кінәлаған. Бірақ Бишімбаевтың адвокаты айыптаушы тарап қолды болған қомақты ақша мен бағалы дүниелерді таба алмағанын айтты.

Сәлімжан Мусин:

Алынған параның басым бөлігі осы аталған азаматтарда. Менің қорғалушыма тиіс делінген дүниелердің барлығы солардан табылды. Бірақ берген түсініктемелерінде пара тек басшылықтың нұсқауымен алынды дегенге сілтейді.

Сондай-ақ Бишімбаевтің қорғаушысы ұсталған азаматтардың жіті сұралуын талап ететіндерін айтты. Аталған іс бойынша экс-министрден бөлек, 25 азамат бар. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі" бойынша ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, экс-министр «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржының 2 миллион долларын жымқырған. Сот шешімімен Бишімбаевты қамау мерзімі жуырда 10 мамырға дейін ұзартылды.