Қазақстан
мен Түркіменстан стратегиялық әріптестік туралы маңызды келісімшартқа қол
қойды. Сөйтіп шекарасын шегеледі. Осы құжат арқылы екі елдің байланысы жаңа
деңгейге көтерілді. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті
Ақордада қабылдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Қазақ түркімен
әріптестігі жайлы Айгүл Әдепбай.
Айгүл
Әдепбай, тілші:
Түркіменстан
басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов уәзірлерін ертіп, қазақ еліне кезекті
мемлекеттік сапарымен келді. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесуден туындайтын
басты сұрақтар: түркімен бауырлар бізге не береді, біз оларға не ұсынамыз. Яғни
өзара алыс-беріс неден құралмақ? Бәрін рет-ретімен тізсек.
Ақордадағы
дәстүрге айналған ресми қабылдау салтанатынан соң, екі ел басшысы екі жақты кездесу өткізді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен қазақ даласына ат басын бұрған
Түркменстан басшысы алғысын білдіріп, бүгінгі кездесу аясында өзара
ынтымақтастықтың күретамырларына жан біте түсетінін аңғартты. Одан соң қос
басшы екі ел министрлерінің қатысумен кеңейтілген жиын өткізіп,
сауда-экономикалық қарым-қатынастың келелі тұстарын талқыға алды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Арамызда
ортақ тиімді шешім табылмаған бірде бір түйткілді мәселе жоқ. Түрлі өңірлік
және халықаралық ұйымдар арсында табысты қимыл жасап келеміз. Біздің
отын-энергетика, транзит, көлік салаларында экономикалық ынтымақтастығымыз
қарқынды дамуда.
Кездесу
барысында 9 бірдей маңызды құжатқа қол қойылды. Олардың күретамыры -
қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігі туралы келісімшарт пен қазақ-түркімен
мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттар. Қос ел шекараға қатысты барлық
сұраққа нүкте қойды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сегодня
так же подписан большой пакет соглашений, направленных на дальнейшее углубление
казахстанско-туркменских отношений. Среди них особо хочу выделить 2 документа.
Договор о стратегическом партнерстве и соглашение о деморкаций государственной границы
между нашими странами. Таким образом, Казахстан и Туркменистан единственные 2
государства в регионе, которые решили все вопросы, касающиеся границы. Договор о
стратегическом партнерстве открывает новые страницы в истории наших братских
отношений, которые приобретают новый характер.
Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан Республикасының президенті:
Большую
роль мы отводим межправительственной комиссии по экономическому, научно-техническому и культурно-гуманитарной сфере. Сегодня мы много развивали вопросы
энергетики и транспорта. Туркменистан и Казахстан построили очень мощную
магистраль в сторону Китая, который имеет немаловажное значение.
Түркіменстан - қазаққа әу бастан бауырлас ел. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2016 жылы 283
млн доллардан асты. Экспорт 69, импорт 214 млн-нан артық. Біздің энергетика,
көлік инфрақұрылымы, тасымалдау бағыттарында әлеуетіміз жоғары. Теміржол,
автокөлік, су көлігі бағытында ортақ жобалар жетерлік. Астрахан-Атырау-Ақтау- Түркіменстан шекарасына дейінгі тас жолдың жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Каспий теңізі бойынша екі ел арасында жаңа теңіз бағыттарын ашу бойынша
жұмыстар қызған.
Гурбангулы
Бердімұхамедов, Түркіменстан Республикасының президенті:
Рассмотрели
наши общие вопросы регионального характера, как вопрос Каспийского моря. Наша
трактовка была и остается: Каспийское море - это море мира и добрососедства, где мы
сошлись в мнений, что мы должны делать большой акцент на вопросы экологии, содержания
биосферы и флоры Каспийского моря.
Президент
Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбыры бойынша жұмыс жалғасып
жатқанын айтты. Осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін
трансшекаралық кен орындарын бірлесіп игеру мәселесі де қаралды. Қазақ пен
түркімен ғарышты игеруде де қоян қолтық жұмыс істеуге бел буып отыр. Су
энергетика саласы да келіссөздердің маңызды бағытының бірі болды. Тараптар
халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысын одан әрі жандандыру түсуге де
уағдаласты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ