Алматыда
дәстүрлі интеллектуалдық сайыста қазақ балалары үздік шықты. Әлемнің 20 елінен
келген оқушылар бәйгесінде өндіріске енгізуге болатын жобалар таңдап
алынды. Украина, Сомали, Бангладеш және
Иран елдерінен келген қатысушылардың қатарында отандастырымыз да смарт-киіз үй,
қашықтан басқарылатын 3D робот және жасыл экономиканы қамтитын құлтемірлерімен
ерекшеленді. Ұйымдастырушылар жасыл экономикаға бейімделген жобаларды EXPO-2017
көрмесіне де жібермек.
Әлихан
Сәлекеев, өнертапқыш оқушы:
Біз
роботтың 3D моделін құрап шығардық. Мына компьютер көмегімен біз
оның сыртқы бейнесін салып, оны 3D принтер көмегімен шығардық. Ал сыртқы
корпусына пластикті қолдандық. Сосын Arduino борттық компьютері арқылы
микроконтроль жасап, ары бері қозғалтамыз.