Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстандық теннисшілерді Канада жерінде оңай олжа күтіп тұрған жоқ

AstanaTV
18.04.2017ж. 20:00
2782
Қазақстандық теннисшілерді Канада жерінде оңай олжа күтіп тұрған жоқ

Қазақстандық теннисшілерді плей-офф кезеңінде оңай олжа күтіп тұрған жоқ. Оның үстіне біздің спортшылардың Федерация кубогында әлі қарсыластары анықталмаған. Бұған себеп, канадалықтардың ең жас құраманы қарсы қоюында. Ойындар «Rogers cup» алаңында өтеді. Бұл жарыс міндетті болып табылады. Қазір команда толыққан жоқ. Себебі спортшылар әлемнің әр түкпірінен енді жиналып жатыр.

Диас Досқараев, ҚР теннистен ұлттық құраманың капитаны:

Жабық хард қыздар үшін қиындық туғызбайды. Бірақ қазір кәсіби турлар ашық аспан аясында өтіп жатыр. Біз Астанада осындай алаңда ойын өткіздік. Бұл қосымша сенімділік ұялатады деп сенемін. Теннисшілер хардта да есе жібермейді.

Ярослава Шведова, ҚР теннистен ұлттық құраманың мүшесі:

Мен жолға шыққанға дейін бір аптадай Астанада дайындалдым. Мен өзімді дайынмын деп айта аламын. Жаттығуды үзбей, толыққанды кірісіп кеттім.