$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Атырау, Қостанай облыстарында сайлаудың өту тәртібі пысықталды

AstanaTV
14.03.2016ж. 20:00
2654
Атырау, Қостанай облыстарында сайлаудың өту тәртібі пысықталды

Сайлау кезінде біреу үшін өзге адам дауыс бере алмайды. Барлығы Заң аясында, сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары негізінде өтеді. Бүгін Атырау облыстық сайлау комиссиясы алдағы жексенбіде өтетін сайлаудың өту тәртібін нақтылады. Комиссия төрағасының орынбасары Тамара Амантурлинаның айтуынша, Атыраудағы 234 сайлау учаскесі науқанға әзір. Қазір денсаулығына немесе науқас адамның күтіміне байланысты сайлауға қатыса алмайтындардың саны нақтыланып жатыр.

Тамара Амантурлина, Атырау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Сайлау күні денсаулығына байланысты ауырып қалған немесе отбасы мүшесін күтіп отырған адамдарда дауыс беруге мүмкіндігі бар. Ол үшін адамдар учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш түсіру керек. Бұл өтініштің мерзімі 20 наурыз сағат 12-дейін. Бүгінгі таңда учаскелік сайлау комиссия мүшелері осындай адамдарды нақтылап жатыр.

Ал, Тобыл өңірінде 20-шы наурыз күні барлығы 818 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, қазіргі таңда Қостанай қаласында 5 желі бойынша call- орталық  жұмыс істейді. Осы орталықтарға күніне елуден астам адам  хабарласып, сайлауға қатысты сұрақтарына жауап алады - дейді комисссия мүшелері. Саяси науқан күні 1 мыңға жуық облыс тұрғыны өзге өңірден дауыс бермек. Олар арнайы парақша алған.

Қайырхан Жұмабаев, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

Кейбір сайлаушылар мысалы, сайлау күні өзі дауыс беретін жерде болмай қалуы мүмкін ғой. Әрине, ондай жағдайлар кездесіп жатыр. Сондықтан тұрғындарға сайлауға дауыс беруге құқығы туралы куәліктер  беріледі. Ол куәліктің бәрі нөмірленген. Және 19 наурыздың кешкі сағат 18:00 дейін ғана беріледі.

 Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ